Апаттар медицинасы орталығы төтенше жағдайлар аймағында шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсетеді, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.
Бүгінде облыста 3 трассалық медициналық құтқару пункттері жұмыс жасайды. Филиалдың және «Әйтеке би», «Жосалы», «Шиелі» трассалық медициналық құтқару пунктінің шұғыл әрекет ету бригадасы жол көлік апаттары кезінде «Алтын уақыт» үрдісін сақтай отырып, зардап шеккен науқастарды ауруханаға уақытылы тасымалдайды.
ТМД елдері арасында алғашқылардың бірі болып Республикалық шұғыл медициналық көмек орталығын болып құрылған медициналық орталыққа биыл 30 жыл толып отыр.