Басқосуда өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдеудің, ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың қалдық қоймаларын рекультивациялау мен қайта өңдеудің, мұнай қалдықтарын және техногендік минералды түзілімдерін өңдеу мәселелері талқыланды, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.
Ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың қалдық қоймаларын рекультивациялау және қайта өңдеу тақырыбы төңірегінде Парламент Мәжілісінің депутаты Арман Калыков, «Qarmet» АҚ директоры Ербола Исмаилов баяндама жасады.
Өнеркәсіп және мұнай қалдықтарын, қатты минералды түзілімдерді өңдеу бойынша Парламент Мәжілісінің депутаты Сергей Пономарев және «Қазмұнайгаз» АҚ қоршаған ортаны қорғау департаментінің директоры Қайрат Сейтмағамбетов баяндама жасады.
Кеңес отырысына бейнебайланыс арқылы партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов және партияның облыстық филиалы жанындағы Экологиялық кеңес төрағасы Жорабек Нұрымбетов қатысып, жиын соңында күн тәртібіндегі мәселенің өңірдегі ахуалы пысықталды.