Бүгін облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі Нұрымбетов Жорабек Ибрагимұлы партия алаңында кестеге сай қабылдау өткізді, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.
Қабылдауға келген тұрғындар әлеуметтік мәселелер және Тасбөгет кентіндегі көшеге асфальт төсеу мәселелерін көтерді.
Фракция жетекшісі әлеуметтік мәселенің шешілу жолдарын талқылап, өз бақылауына алатынын жеткізді.
Тасбөгет кентінің әкімдігі және облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысына хабарласып, мәселені шешу бойынша ұсыныстар берілді.
Бюджеттік-сметалық жоба ұсынса, одан әрі жұмыстың жүргізілуін бақылауда ұстайтынын түсіндірді.