"Алтын күз" облыстық спартакиадасының жеңімпазы - Шиелі ауданының командасы
Қызылорда қаласында ҚР Конституциясының 30 жылдығына орай дәстүрлі түрде өтетін ауыл спортшыларының “Алтын күз — 2025” XXXVIII облыстық спартакиадасы бүгін өз мәресіне жетті, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.
Жеті ауданнан келген мыңға жуық спортшы 18 спорт түрі бойынша сынға түсіп, өзара сайысты.
Жалпы командалық есеп қорытындысы бойынша:
Бас жүлде — Шиелі ауданының командасы
Жүлделі ІІ орын – Жалағаш ауданының командасы
Жүлделі ІІІ орын — Жаңақорған ауданының командасы
Сондай, ақ, марапаттау шарасында облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы басшысының орынбасары Жігер Оңдасынұлы дәстүрлі “Алтын күз” спартакиадасының жалауын Жалағаш аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің басшысы Еркен Ертуғанұлына табыстады.
Айта кетейік, Шиелі ауданының командасы үшінші жыл қатарынан “Алтын күз” облыстық спартакиадасының жеңімпазы атанды.