Қызылорда қаласындағы Өнер орталығында ауыл шаруашылығы саласының үздіктерін марапаттауға арналған «Алтын күз – 2025» мерекелік шарасы өтті. Диқандардың жыл бойғы еңбегін дәріптеген жиында озат шаруашылықтар мен еңбеккерлер Алғыс хаттар және арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Биылғы егін жинау науқанында жоғары көрсеткішке қол жеткізген Шиелі ауданы «Озат аудан» атанды. Сонымен қатар шиелілік диқандар бірнеше номинация бойынша жеңімпаз болды. Атап айтқанда:
«Озат бидай өсіруші»,
«Озат мақсары өсіруші»,
«Озат картоп өсіруші»,
«Озат бригадир» аталымдары бойынша жүлдегер атанды.
Бұл жеңістер – Шиелі еңбеккерлерінің бірлігі мен тынымсыз еңбегінің жемісі. Аудан шаруалары облыстың агроөнеркәсіп саласының дамуына зор үлес қосып келеді.
