537031141 2114933795703735 4088147392395651920 nplaceholder

«Алтын күз – 2025» облыстық спартакиадасы басталды

Бүгін Қызылорда қаласында ауыл спортшыларының XXXVIII «Алтын күз – 2025» облыстық спартакиадасының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Апта бойы жалғасатын тартысты додада жеті ауданнан келген 1000-ға жуық спортшы 18 спорт түрі бойынша бақ сынайды.
Ашылу рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Зинабдинұлы, облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Бахтияр Ғарифоллаұлы, еңбек ардагері Нұрлыбай Ұлықпанұлы қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
– «Алтын күз» жарысы – ауыл жастарының шын мықтысын анықтайтын алаң. Бұл доданың 38 жылдық тарихында талай чемпион шықты.
 
Бұқаралық спорттың дамуына ерекше серпін берген байқау жастарды шыңдап, ел намысын қорғауға жетелейді, – деді облыс әкімінің орынбасары.
 
Шиелі ауданынан 190 спортшы қатысуда. Жерлестерімізге сәттілік тілейміз!

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

два × два =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар