Алаяқтар бұрын үйіне интернет орнатқан азаматтарға хабарласып, ажыратылмаған-мыс қызметтің күшін жою қажеттігін хабарлайды. Өздерін телекомпаниялардың, байланыс операторларының қызметкерлері ретінде таныстырады. Алаяқтар SMS-хабар жіберу және дербес деректерге қол жеткізу үшін белгілі бір нұсқауларды орындау арқылы көрсетілетін қызметті қашықтан ажыратуды ұсынады.
Сонымен бірге алаяқтар әлеуетті құрбандарына хабарласып, олардың телефон нөміріне операторды ауыстыру туралы өтінім келіп түскенін айтады. Мұндай өтінім бермегенін айтқан адамға алаяқтар «қауіпсіздікті» қамтамасыз ету үшін жеке кабинеттегі құпиясөзді ауыстыруға кеңес береді.
Содан кейін құрбанына оператордың ресми нөмірінен құпиясөзді жіберуге арналған, алаяқтарға өте қажетті коды бар SMS келеді. Егер адам оны істесе, қаскүнемдер оның нөмірі мен онлайн-банкінгіне қол жеткізеді.
Fingramota.kz жалған «қаржы институттарының қызметкерлерінен», «телеком-операторларынан» телефон қоңыраулары түскен кезде әңгімені тоқтатып, осы ұйымға қоңырау шалу арқылы барлық ақпаратты өзіңіз тексеруге кеңес береді. Осы ұйымның әлеуметтік желілердегі ресми интернет-ресурста немесе ресми аккаунтында көрсетілген нөмірлерге хабарласу қажет.
Егер сіздің құпия деректеріңіз жария етілген болса, шоттарыңызды бұғаттап, қаржылық мобильді қосымшалардағы құпиясөздеріңізді ауыстырып, құқық қорғау органдарына жүгінуіңіз қажет.
Вишинг-алаяқтардың құрбаны болмас үшін Fingramota.kz-тен бірнеше пайдалы кеңес:
Егер сіздің картаңызға қатысты қандай да проблемалар пайда болса, банк оны өзі бұғаттай алады, негізінен, бұл жөнінде сізге шартта өзара уағдаласқан тәсілмен хабарлама жіберіледі.
Сақ болыңыз және Fingramota.kz-пен қаржылық сауаттылығыңызды арттырыңыз!