Алаяқтар ықтимал құрбандарына өздерін қауіпсіздік департаментінің немесе түрлі банктердің, микроқаржы ұйымдарының call-орталығының қызметкерлері ретінде таныстырып, оның атына алаяқтық кредит рәсімделген деп қоңырау шалады.
Мессенджер арқылы алаяқтар азаматтардың сеніміне кіру үшін жалған мөр соғылған және қолдармен өздерінің жұмыс құжаттарын, бланкілер жібереді. Мысалы, Желіге ҚР Ұлттық Банкінің қауіпсіздік қызметінің аға маманының жұмыс куәлігі шығарылады, бұл, әрине, жалған құжат.
Қазақстан Ұлттық Банкі жеке тұлғаларға қызмет көрсетпейтінін және халыққа ақша аударымдарын жүргізбейтінін, оның ішінде «алаяқтарды ұстау жөніндегі арнайы операцияларды» жүргізу үшін халықты тартпайтынын еске саламыз.
Күмәнді мобильді қосымшаларды орнатпауды, дербес деректеріңізді жария етпеуді, мобильді телефоныңызға қашықтан қол жеткізуге мүмкіндік бермеуіңізді және телефонмен сөйлесу барысында алынған нұсқаулар бойынша үшінші тұлғалардың шоттарына ақша қаражатын аудармауды сұраймыз.
Сақ болыңыз және Fingramota.kz-пен қаржылық сауаттылығыңызды арттырыңыз!