Қала шетінен денесінде жарақаты бар әйелдің мәйіті табылды, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі.
“Өскемендегі бау-бақша қоғамдарының бірінің шетінде 45-50 жас шамасында көзге көрінетін дене жарақаты бар белгісіз әйелдің денесі табылды. Кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, сараптама тағайындалды, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр”, – деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиғаның егжей-тегжейі тергеу әлі жүргізіліп жатқандықтан, жария етілмейді. Мәйіт автопарктің жанында “Алтай бағбаны” бау-бақша қоғамында табылған.
Аймақ полициясының мәліметінше, “кісі өлтірді деген күдікті әлі ұсталмаған”.