
Қала әкімі тұрғындарға арнап ән шырқады, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.
Өскемен қаласында 30 тамыз күні мерекелік серуен кезінде қала басшысы Жақсылық Омар тұрғындарды айтулы күнмен құттықтап, ән айтып берді.
Іс-шаралар мен ойын-сауықтармен қатар алаңда караоке алаңы орнатылған болатын. Қала әкімі қолына микрофонды алып, жиналған тұрғындарға «МузАрт» тобының «Сен келерсің бір күні» әнін орындап берді.
Желіде видеосы тарады.