463247159 843194964668416 785937325684642054 nplaceholder

Алғашқы үздік тәжірибелік орталық халықтың медициналық көмекке қолжетімділігін арттырады

Шиелі аудандық көпбейінді орталық ауруханасында аймақтағы алғашқы үздік тәжірибелік орталық ашылды, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Оған қатысқан облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов тұрғындардың медициналық қызметке қолжетімділігін арттыру, денсаулық сақтау инфрақұрылымын одан әрі жетілдіру шаралары туралы айтып, орталықтың ашылуымен құттықтады. Сондай-ақ «Primary Health Care» ұлттық қауымдастығының президенті, академик Төлебай Рахыпбеков ізгі тілегін білдірді.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Олжас Искаков қатысушыларды мұндағы кабинеттермен және әлеуметтік-психологиялық көмек жобасымен таныстырды.

Үздік тәжірибелік орталық жобасы өткен жылдан бері «Premy Health Care» ұлттық ассоциациясымен бірге алғашқы медициналық көмек көрсететін ұйымдарға жаңа технологияларды енгізу арқылы жүзеге асырылуда. Алдағы уақытта мұндай орталықтар №3, 6- қалалық емханаларда және Жалағаш аудандық ауруханасында ашылмақ. Бұл халықтың медициналық көмекке қолжетімділігін арттырады.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

один × 1 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар