Құрметті тұрғындар!
Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті «Актив ломбард» мекемесіне қатысты тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілмегенін ресми түрде хабарлайды.
Сонымен қатар, аталмыш мекеменің қызметі тоқтатылмағанын және белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес өз қызметін жалғастырып жатқанын назарларыңызға жеткіземіз.
