456381395 805370091784237 442094295447881223 nplaceholder

Аймақ басшысы теміржол саябағына барды

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда қаласындағы «Теміржол саябағына» барды, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Қазіргі уақытта саябақтың тазалығы, тұрғындарға жайлылығы сын көтермейді. Бұған дейін әлеуметтік желі қолданушылары оның үнемі жабық тұратынына, тазалығына қатысты сыни пікірлер жариялаған еді.

Аймақ басшысы қала әкімі Нұржан Ахатовқа екі күн ішінде барлық кемшілікті қалпына келтіріп, тазалық жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Еске салайық, «Теміржол саябағы» «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында қайта жаңғыртылған болатын. Мұнда қала тұрғындары үшін волейбол, баскетбол, теннис және спорттық жаттығу алаңдары, субұрқақ салынған.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

восемь + четырнадцать =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар