Қыркүйек айының 21-22 күндері өткен мәдени іс-шара аясында аймақ тарихы «Сыр өңірі – Түркі өркениетінің алтын бесігі» атты көрмесінде таныстырылды, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.
Сонымен қатар облыстық филармонияның шығармашылық кеші өтті. Жиналған көрермен қауым Тұрмағанбет атындағы халық аспаптар оркестрінің өнеріне, Сырдан шыққан сыршыл ақындардың өлеңіне, кешегі марғасқа жыршылардың бүгінгі лайықты ізбасарларының тағылымды өсиет-жырларына куә болды.
Аймақ басшысы аталған іс-шаралар ұйымдастырған жауапты азаматтардың арқасында жоғары деңгейде өткенін атап өтті.
Айта кетейік, марапат төрінен көрінген ұйымдардың қатарында Өңірлік коммуникациялар қызметінің ұжымы да бар.