459009385 930575339108103 6476870091704087025 nplaceholder

АЭС салуды қолдау жөніндегі облыстық Халықтық штаб мүшелері Арал ауданында болды

Бүгін облыстық Халықтық штаб төрағасы Алмасбек Есмаханов пен бір топ штаб мүшелері Арал ауданында болып, жергілікті тұрғындармен кездесті, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Кездесуде сөз алған облыстық Халықтық штаб төрағасы Алмасбек Есмазанов Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты халыққа Жолдауындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған маңызды міндеттерді атап өтті. Соның ішінде халықпен алдын ала талқылаудан өткен Қазақстанда АЭС салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум өткізу мәселесіне ерекше тоқталды. Атом электр станциясын салу еліміздегі болaшақтa орын алуы мүмкін энергия тaпшылығының aлдын aлуды көздейтінін жеткізді.

«Деректерге сәйкес, әлемде 415 ядpoлық энергетикалық реактoрлар жұмыс істесе, тағы 60-ы салынуда. Атoм электр стансасының қоршаған oртаны түтін газдары, күл, мұнай өнімдері баp ағынды сулар сияқты заттармен ластамайтындығы pасталған, яғни экoлoгиялық таза. Біз мемлекетіміздің өзіне тән ерекшелігін және ұзақ меpзімге аpналған ұлттық мүдделерімізді ескеpе oтыpып тек алға қаpай жылжуымыз керек. Біp сөзбен айтсақ бoлашақты oйлауымыз қажет. Мемлекет басшысы халық мүддесін қозғайтын мәселелерді үнемі кеңесу арқылы шешіп келеді. Кешегі Жолдауында да елімізде атом электр станциясын салу мәселесін 6 қазанда жұртшылықпен бірлесіп, референдум арқылы жүзеге асыру керектігін атап өтті. Сондықтан аталған референдумның еліміз үшін стратегиялық маңызы зор», – деді штаб төрағасы.

Арал экологиялық апаты салдарынан зардап шеккен азаматтар АЭС салудың қауіпсіздігі жөнінде көптеген сауалдар қойды. Дегемен ел болашағы үшін, энергетикалық қауіпсіздіктің алдын алуда Мемлекет басшысының бастамасын қолдайтындықтарын білдірді.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

восемнадцать + 14 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар