459493819 934195228746114 4513080999693217578 nplaceholder

АЭС: Халықтық штаб өкілдері Талсуат ауылдық округінің тұрғындарымен жүздесті

Бұған дейін, штаб мүшелері қала маңындағы Белкөл, Тасбөгет кенттері мен Қарауылтөбе ауылдық округінің тұрғындарына атом энергиясының маңыздылығы жөнінде кеңінен ақпарат берген болатын, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Бүгінгі кездесу барысында да штаб мүшелері жасыл энергия көзінің артықышылықтары кеңінен жеткізіп, ауыл тұғындарын мазалаған сауалдарына нақты жауаптар берді.

«Жалпы бу-газ электрстанциялары электр энергиясын өндіру үшін табиғи газды пайдаланады. Қазақстанда табиғи газ негізінен ілеспе мұнай болып табылады, яғни мұнаймен бірге өндіріледі, сондықтан газ өндіру көлемі мұнай өндіру көлеміне тікелей байланысты. Табиғи газ тасымалы Қазақстан энергетикасы үшін тұрақсыз сипатқа ие және елімізде табиғи газ өндіру көлемі жыл сайын 3%-ға қысқаруы байқалып отыр дейді сала манадары. Бір жағынан газ биржалық тауар болғандықтан, оның бағасы үнемі өзгеріп отырады, бұл тарифтерге қатысты қиындықтар туғызады. Ал, электр энергетикасына ұзақ мерзімді және тұрақты отын көлемі мен бағаның тұрақтылығы қажет. Оның үстіне еліміз уран өндіруден және оның қоры жағынан алдыңғы қатарға жайғасқан. Сәйкесінше, атом энергиясын өндіруге ешқандай кедергі болмайды»,- деді табиғи газдан энергия өндіруге мәселесені қатысты тұрғындар сауалдарына жауап берген штаб мүшесі Ержан Искендер.

Ауыл тұрғындары да энергияның қаншалықты қажет екенін жақсы сезінеді. Ауылшарушылығы өндірісін дамытуда қуат көзінің маңызы зор. Яғни сенімді электр энергия болмаса, өндірсті жүйелі жүзеге асыруда екі талай.

Өз кезінде сөз алған штаб мүшесі Мейрамбек Есжанов атом энергетикасы ауылшаруашылығы саласына да зор септігін тигізетінін тілге тиек етіп, барлық салада дамудың жаңа мүмкіндігі екенін жеткізді.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

5 × пять =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар