Шәкірт тәрбиелеу жолында қажырлы еңбек етіп жүрген Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының оқытушысы Оразова Асыл Қожабайқызы 50 жасты еңсерді, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.
Оның мамандығына деген адалдығы мен бойындағы шынайылығы көпке үлгі.
Мерейлі мезетте Қызылорда облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ұжымы Асыл Қожабайқызын құттықтап барды. Сыр журналистерінің ұстазына облыс әкімінің орынбасары Шахмардан Баймановтың алғыс хаты табысталды. Арнайы аманатты жеткізген Өңірлік коммуникациялар қызметінің директоры Гүлнұр Бүркітбаева мерейтой иесіне шынайы лебізін білдіріп, қызметі мен еңбегіне тоқталды. Асыл Қожабайқызына Сыр журналистерінің ізбасарларын қалыптастырып, тәрбиелеу жолында күш-қайрат, шығармашылық табыс тілейміз.