Айына 945 мың теңге: елімізде зейнетақысы ең көп адам анықталды

Айына 945 мың теңге: елімізде зейнетақысы ең көп адам анықталдыplaceholder

Айына 945 мың теңге: елімізде зейнетақысы ең көп адам анықталды, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) елімізде ең жоғары ай сайынғы зейнетақы төлемінің сомасын мәлімдеді.

БЖЗҚ-ның ақпаратына сүйенсек, Қазақстандағы “ең бай зейнеткер” ай сайын 945 752 теңге алады.

Сондай-ақ, қордан зейнеткерлік жасқа жетуге байланысты орташа ай сайынғы төлем сомасы 33 865 теңгені құрап отыр.

“Зейнетақы жинақтары зейнетақы жарналары мен инвестициялық кірістер түріндегі түсімдердің есебінен артып келеді. 2024 жылдың 10 айында салымшылардың шоттарына түскен зейнетақы жарналары 2,2 триллион теңгеден асқан (былтырғымен салыстырғанда 29,7 пайызға немесе 514,6 миллиард теңгеге өсті)”, – делінген хабарламада.

Міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарының көлемі 2024 жылдың 01 қарашасына 20,7 трлн теңгеден асты.

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтары – шамамен 633,8 млрд теңге, бір жылдағы өсім – 15,3% ағымдағы жылдың басынан бергі өсім – 11,5%.

Ең үлкен өсімді ерікті зейнетақы жарналары бойынша жинақтар көрсетті, оның көлемі – 7,3 млрд теңгеден асады.

«Сондай-ақ, жыл басынан бергі 10 ай ішінде мұрагерлік бойынша төлемдер – 50,3 млрд теңге, ҚР шегінен тыс тұрақты тұруға кетуге байланысты төлемдер – 33,9 млрд теңге, мүгедектігі бар адамдарға төлемдер – 2,5 млрд теңгеден аса, жерлеуге төлемдер – шамамен 8,4 млрд теңге көлемінде жүзеге асырылды.

Сақтандыру ұйымдарына 294,1 млрд теңгеден астам сома аударылды. Зейнет жасына толуына байланысты БЖЗҚ-дан берілетін орташа айлық төлем – 33 865 теңге, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғарғы сомасы – 945 752 теңге болды», – делінген хабарламада.

Басқа да жаңалықтарды оқи отырыңыз.

Бөлісу:

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар

Введите текст заголовка