Тыйым салынған өсімдіктер қатарына адыраспан да енгізілді. Өйткені, оның құрамында есірткі бар, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.
Ресей билігі бұдан былай адыраспанды өсіруге және үйге сақтауға тыйым салып отыр. Оған шөптің құрамында психотропты алколоид болуы себеп болған. Өсімдікті заңсыз таратқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны ескертілді.
Айта кетейік, қазақ халқы адыраспанды киелі деп есептейды. Сондықтан ел ішінде оны бәле-жәледен сақтайды деп үйдегі көрнекі орынға іліп немесе отқа тұтатып аластайтын болған.