Адам ұрлаған: Қызылордада рекетирлер қолға түсті

e1ac32eb76b671410a5e872fc2b16337 1280x720

Қызылордада адам ұрлап, мүлкін тартып алып, түрлі қылмыстық қақтығыстар жасаған банда ұсталды, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Қылмыстық топтың жетекшісі мен мүшелерін ұстау бойынша арнайы операцияны мамыр айында ІІМ және ҰҚК Бас прокуратурасы ұйымдастырған.

– Ұстаудың алдында оларға қатысты ұзақ мерзімді жедел іздестіру шаралары жүргізілген. Күдіктілердің қылмыстық әрекеттерін дәлелдеу олардың криминалдық байланыстарының көп болуымен қиынға соқты. Барлық факті бойынша тексеру жүргізілуде. Топ мүшелері өз мақсаттарын іске асыру үшін адамдарды ұрлап әкетіп, мүлкін тартып алып, қылмыстық қақтығыстарға қатысқан. Сондай-ақ олардың ойын-сауық мекемелеріне қылмыстық қамқорлық көрсетуге, құрылыс және ауыл шаруашылығы саласында бопсалауларға қатысы тексерілуде. Топтың негізгі мүшелері қамауға алынды. Атыс және травматикалық қару, ірі мөлшерде қаражат тәркіленді. Тергеу Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша жүргізілуде, – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі ҚУАНДЫҚ АЛПЫС.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

3 × три =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар