530852815 2106605536536561 2738343252066568728 nplaceholder

Абай мұрасына тағзым: «Мен бір жұмбақ адаммын…» атты рухани кеш өтті

Бүгін М.Шоқай атындағы орталық алаңда ашық аспан астында қазақтың ұлы ойшылы, кемеңгер ақын Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай «Мен бір жұмбақ адаммын…» атты театрландырылған қойылым-концерт өтті, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Тарих пен тағылымды, поэзия мен парасатты, ұлт пен ұрпақтың сабақтастығын ұлықтаған кеш көрерменге ерекше рухани әсер сыйлады. Абай әлеміне терең бойлаған мазмұнды сахналық көріністер, шынайы бейнелер және жүрекке жеткен жыр жолдары жұртшылықтың көңілінен шықты.
 
Қазақтың бас ақыны Абайдың өлмес мұрасын дәріптеген бұл мәдени шара — ұлттық құндылықтарды насихаттап, жастардың рухани өрісін кеңейтуге бағытталған маңызды қадам болды.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

семнадцать + 3 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар