Қызылорда облысы өңдеу өнеркәсібінің өсімі бойынша бірінші орында

431777132 708309674823613 6703021053024888515 n

2024 жылғы қаңтар-ақпан айларының қорытындысымен Қызылорда облысы өңдеу өнеркәсібінің өсімі бойынша бірінші орынға шықты, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров баяндады.

«Өңдеу өнеркәсібі жедел даму тенденциясын көрсетуде. Өндірістің өсу қарқыны 7,4 пайызға жоғарылады. Көрсеткіш өсімі 16 өңірде тіркелді, оның ішінде Қызылорда, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары бар», – деді НҰРЛАН БАЙНАЗАРОВ.

Мұнан бөлек, Үкімет басшысының орынбасары Қызылорда облысы негізгі капиталға инвестиция тарту бойынша бірінші, құрылыс секторындағы өсім көрсеткіші бойынша екінші орында екеніне тоқталды.

Үкімет отырысынан кейінгі арнайы мәжілісте облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бірқатар тапсырма беріп, қазіргі жоғары даму қарқынын сақтауды ескертті.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

14 − 13 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар