Қызылордалық кәсіпкер республикалық конкурс жеңімпазы атанды

0720e9fc aeca 461d a3a5 e51d4e21a091

Шиелі ауданының тұрғыны Ботагөз Аркашбаева республикалық «Ару ана» конкурсының жеңімпазы атанып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан марапат алды, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның ұйымдастыруымен өткен «Ару ана» республикалық конкурсының қорытындысымен Қазақстан бойынша 20 қыз-келіншек іріктелген болатын. Конгресс-Холлда өткен Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концертте оның 6-уы марапатталды. Жерлесіміздің жобасы «АГРОБИЗНЕС САЛАСЫНДАҒЫ ҮЗДІК ЖОБА» номинациясы бойынша жеңімпаз деп танылды. Б.Аркашбаеваның «Ешкі сүтін терең өңдеу» жобасы тәулігіне 50 литр ешкі сүтін өңдеуге бағытталған.

Негізгі мамандығы хореограф болғанымен, 2017 жылдан бері «Оразбек» отбасылық шаруа қожалығын ашып, мал шаруашылығымен айналысуды бастаған. Қазір ешкі саны 100-ден асты, Австралия және Германиядан ешкі төлін әкеліп, жергілікті тұқымдармен будандастыру тәжірибесін қолға алған. Алдағы уақытта будандастырылған жаңа тұқымды халықаралық сатылымға шығаруды жоспарлауда.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

восемь + 18 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар