Өміріне алаңдаған қызылордалық 5-қабаттан секіріп кеткен

f3e3383b 9863 4226 8ade 4bb44a3cf3af

Қызылордалық 6 азамат Астана-Павлодар автожолында ұсталды. Олар 8 ақпанда ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілінгендер, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Күдіктілер екі танысын күштеп көлікке отырғызып, пәтерге алып келген. Ұрып-соғып, қару-жарақпен қорқытып, екі күн бойы ұстаған. Сөйтіп 300 мың теңге ақшасы және ұялы телефондарын тартып алған. Сонымен қатар тағы бір миллион теңге талап еткен. Қаскөйлерден жәбірленушілердің бірі қашпақ болып, бесінші қабаттан секіріп кеткен. Құдай сақтап, аман қалған. Десе де денсаулығына зиян келіп, көптеген жарақат алды. Күдіктілер екінші жәбірленушіні көлікке отырғызып алып, ізін суытпақ болған кезде ұсталды.

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің бірнеше бабымен қылмыстық іс тергеліп жатыр.



 

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

пять × два =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар