Биылдан бастап банк ұйымдары жеке кәсіпкерлердің мобильді аударымдары бойынша деректерді береді, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.
Бұл жоба – жасырын кірістер мен тіркелмеген кәсіпкерлерді анықтауға бағытталған. Тиісінше, үш ай қатарынан ай сайын 100 түрлі адамнан мобильді аударым алған азаматтар бақылауға алынады. Ал, екі ай 100 аударымнан көп төлем жасалып, арасында үзіліс жасалса не болмаса, 100 аударымға жетпейтін мөлшерде аударым болса тексеріс жүргізілмейді. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің жауапты өкілдері хабарлады.