Тұрғындар жаппай уланып жатыр

2022 10 11 aohvzcpo

Қоғамдық тамақтану орталығында ас ішкен адамдар уланып жатыр. Ауруханаға түскен науқастардың жағдайы орташа ауыр, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданындағы «Әли-Ман» атты дәмханадан тамақтанған 36 адам уланып, оның 28-і ауруханаға жатқызылған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 8 адамға медициналық көмек көрсетілгеннен кейін амбулаториялық ем тағайындалған. Қазір науқастардың жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр. Дәмхана жұмысы тоқтатылған.

Науқастарға облыстың бас инфекционист-дәрігерімен телемедицина арқылы консилиум ұйымдастырылып, тиісті ем-дом тағайындалды. Бейнеу аудандық көпсалалы ауруханасы дәрі-дәрмектердің жеткілікті қорымен қамтамасыз етіліп, қосымша 20 адамға орын дайындалады. Амбулаториялық ем алатын науқастарға қажетті бактерияға қарсы және симптоматикалық ем тағайындалды. Қазір осыған байланысты эпидемиялық шаралар жалғасып жатыр, – деп жазылған МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ХАБАРЛАМАСЫНДА.

Сондай-ақ, Маңғыстау облысының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тамақтан жаппай улану дерегі бойынша тергеу жұмыстарын жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

девятнадцать − два =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар