Жеке үй жайда болған өртті сөндіру кезінде екі адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.
Өрт Алматы қаласы, Медеу ауданында болған. Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 15 шаршы метр жер отқа оранды. Оқиға орнына тиісті мамандар мен техника жұмылдырылып, өртті тоқтатқан. Десе де тілсіз жау екі адамның өмірін жалмады.