Дәмханада клиенттерге лағманмен қоса наша да сатқан. Арнайы операция барысында 49 жастағы азамат ұсталды, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.
Оқиға Астана қаласындағы лағман орталықтарының бірінде болған. Полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, сұр-жасыл түсті ерекше иісі бар 2 полиэтилен орамы тәркіленді. Сот-медициналық сараптамаға сәйкес, табылған заттар салмағы 10,15 грамм болатын гашиш болып шыққан.
Бүгінде аталған дерекке байланысты қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауда отыр.
Ұстау сәті мын сілтемеде https://www.instagram.com/p/C3macTRsaSH/