Қазақстандықтардың деректері қытайлық кибертыңшылардың қолына түскен болуы мүмкін

nintchdbpict000268770138

Цифрлық даму министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті тексеру жүргізуде, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі.

Желіде Қытай үкіметі жүргізді деген ауқымды кибер операция туралы ақпарат тарап жатыр. Болжам бойынша, бұл үшін арнайы дайындалған бағдарламалық қамтамасыз ету әлеуметтік желі пайдаланушыларының электрондық хаттарын, телефон нөмірлерін алуға, олардың хабарламаларын оқуға, тіпті олардың атынан жазбалар жазуға мүмкіндік береді.

Зиянкестер кез келген құпия ақпаратты ала отырып, Android және iOS құрылғыларына шабуыл жасай алады деп болжануда. Көпшілікке қолжетімді болған құпия құжаттама Қазақстанда жұмыс істейтін кейбір байланыс операторларының құпия деректерінің көпшілікке тарап кеткенін көрсетеді.

– Министрлік Қазақстан Республикасы Ұлттық  қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, келіп түскен материалдарға талдау жүргізуде.Талдау нәтижелері бойынша тиісті ұйымдарда Қазақстан Республикасының дербес деректері және оларды қорғау, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік мәселелері туралы заңнама талаптарының сақталуы бойынша жоспардан тыс тексерулер жүргізілетін болады, – деп мәлімдеді Цифрлық даму министрлігі.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

15 − 14 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар