Қызылорданың сол жағалауында жасөспірімдер қылмысы өршіп тұр

WhatsApp Image 2024 02 13 at 13.39.00

Қызылорда облысында кәмелетке толмағандар қылмысы 5 есе көбейген, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

WhatsApp Image 2024 02 13 at 13.39.02

24.kz-тің мәліметінше қаладағы сол жағалау мөлтек ауданының тұрғындары өздерінің қауіпсіздігіне сенімсіз дейді. Өйткені, мұнда топтық төбелес пен ұрлық көп. Былтыр өңірде 84 жасөспірім қылмыс жасаған. Ал соның жартысы сабаққа белгісіз себептермен бармаған балалар.

– Бұзық балалар өте көп бұл жақта. Жаздай төбелес. Полиция шақырсақ бірде келеді, бірде келмейді. Бұзық балалар кіріп мына есіктердің бәрін сындырып, білгендерін істеп кетіп жатыр. Халық көп, бала-шаға өте көп. Жаңағы айтқандай полиция бекеті болса шамалы реттелер еді ғой, тәртіп орнайды, деді ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ ЖАНСАЯ ЯШКУРОВА.

WhatsApp Image 2024 02 13 at 13.39.01

Бүгінде Сырдарияның сол жағалауында 80-ге жуық көпқабатты үй бар. Жаңадан тағы ғимараттар салынып жатыр. Өткен жылы шағынауданда 260 құқықбұзушылық әрекет тіркеліп,  22 қылмыс болған. Оның ішінде балалар жасайтын ұрлық әрекеті басым. Облыс прокурорының орынбасары Нұрболат Дүйсенбаевтың сөзінше, 2023 жылы кәмелеттік жасқа толмағандар арасында қылмыстың деңгейі 78 пайызға өскен.

WhatsApp Image 2024 02 13 at 13.39.03

– Жасөспірімдер қылмысының алдын-алу бағытында жұмыстар және құқықбұзушылық профилактикасы барысында әрекетсіздік жасаған құқық қорғау органдары мен жергілікті атқарушы органдарының кемшіліктері атап өтіліп, алдағы уақытта болдырмау бағытында нақты тапсырмалар берілді, деді ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ НҰРБОЛАТ ДҮЙСЕНБАЕВ.

Бір айта алдын-алу бағытында жұмыстар және құқықбұзушылық профилактикасы барысында әрекетсіздік жасаған құқық қорғау органдары мен жергілікті атқарушы органдарының кемшіліктері атап өтіліп, алдағы уақытта болдырмау бағытында нақты тапсырмалар берілді. Бір айта кетерлігі, 18 жарым мыңға жуық тұрғыны бар жаңа шағынауданда полицияның бақылау жүйесіне қосылған камера жоқ. Сондай-ақ 4 учаскелік және 2 ювеналды полиция инспекторы ғана бөлінген.

– Штаттық бірліктерді ұлғайтуға ұсыныстарымызды бердік. Бұл әрі қарай жалғасын табатын болады. Сонымен қоса қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында мөлтек аудандарға биылғы 2024 жылғы жоспарланған жергілікті бюджет есебінен бейнекамералар мәселесі қолға алынады. Осы жерлердегі белгіленген орындарға бейнекамералар қоямыз, деді ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ЕРДӘУЛЕТ ЖӘУКЕЕВ.

Полиция басқармасы бұзақылықтың алдын алу мақсатында сол жағалауда патрульдік экипажды арттырумен қатар Ұлттық ұлан сарбаздарын тартатынын мәлімдеді.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

десять − пять =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар