Білім саласындағы кезекті жымқыру

CGAAccountant 56a8302e3df78cf7729ce42d scaled

Мектеп есепшісінің жалақыға арналған 90 миллион теңге қаржыны ұрлау дерегі анықталды, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Бұл заңсыздық Алматы облысы, Талғар ауданындағы мектептердің бірінде болған. Есепші мектепте жұмыс істемейтін қызметкерлер мен олардың туыстарына ақша аударып отырыпты. Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінің мәліметінше, алдын ала келтірілген шығын 90 миллион теңгеден асады және шығынды есептеу әлі жалғасуда.

Бүгінде облыстық прокуратура ҚР Қылмыстық кодекстің 189 бабы 2-бөлігі 4-тармағы (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) бойынша қылмыстық іс қозғап, Алматы облысының экономикалық тергеу басқармасына жолдаған.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

двадцать + 16 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар