Ол Шымкент қаласындағы қонақ үйден табылған. Айта кетейік, полицейлер жалдамалы пәтерде екі бүлдіршінін тұншықтырып өлтірді деген күдікпен анасына іздеу жариялаған еді, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі.
– Әйелді іздеуге облыстық полиция департаментінің барлық жеке құрамы, көршілес аймақтар мен мегаполистер бағытталды. Барлық қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде жедел уәкілдер күдіктіні Шымкент қаласындағы қонақ үйлердің бірінде ұстады. Адам өлтіру фактісі бойынша барлық мән-жайларды анықтау мақсатында тергеу жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Күдікті әйел қамауға алынды, – деп мәлімдеді ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСШЫСЫ МҰРАТ ҚАБДЕНОВ.
Бұған дейін күдікті келіншектің Шиелі ауданындағы орта мектепте мұғалім болып қызмет атқаратынын жазған едік.