Жаяу жүргіншілерге арналған жолақпен өтіп бара жатқан 12 жастағы жеткіншекті Тойота автокөлігі қағып кеткен, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.
Оқыс оқиға Қарағанды қаласында тіркелді. Автокһлікті тізгіндеген 51 жастағы қала азаматы екені белгілі болды. Жарақат алған оқушы Қарағанды қаласының ауруханасында көз жұмды. Жүргізуші қамаққа алынып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.