Шенеунік жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік сақтауға бөлінген ақшаны жымқырды деген күдікке ілінді

preview 834182511 1

Алдын ала есеп бойынша лауазымды тұлға 120 миллион теңгені қалтасына басқан. Қазір күдікті қамауға алынды, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі.

Шымкент қаласы тұрғын үй басқармасының басшысы қаланың сейсмикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бөлінген қаражатты жымқырды деген күдікпен ұсталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің мәліметінше күдікті 216 тұрғын үйдің жер сілкінісіне төзімділігін тексеруге бөлінген ақшаны талан-таражға салған.

 – Залалдың алдын ала сомасы 120 млн теңгені құрайды. Қазіргі уақытта ол Шымкент қаласының ПД УҰИ-да қамауға алынды. Тергеу жалғасуда. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. – деп хабарлады СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС АГЕНТТІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

6 + 18 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар