Қызылордада арзан аяқ киімге таласқан тұрғындар бір-бірін таптап кетті

MVI 7656.MP4.Still004

Жүздеген жан бір-бірін баса-көктеп арзан аяқ киім сатамыз деп жарнама жасаған дүкенге кіріп барған. Тіпті жанталасқан клиенттер дүкеннің әйнектерін сындырып тастаған, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттьық агенттігі.

Қаладағы сауда дүкендерінің бірі 25-қаңтар күні қысқы аяқ кіимдерді арзаннан сатылатыны туралы алдын ала әлеуметтік желі арқылы жарнама жасаған. 

MVI 7656.MP4.Still006

Содан таңғы 10-нан бастап дүкеннің алдына жиналған көпішлік, ішке кіруге жанталасады. Тараған видеодан жүздеген жанның есік ашылғаннан бір-бірін таптап ішке қарай ұмтылғаны көрінеді. Таласқан тұрғындар дүкеннің терезелерін шағып тастаған. Тіпті арасында дем жетпей, денсаулығы сыр бергендер де болған екен.

Кейін дүкен иелері бұл акцияның дұрыс ұйымдастырылмағанын өздері де мойындады. Кәсіпкерлер әлеуметтік желі арқылы кешірім сұрады.

 – Скидка тоқтады. Жауапкершілік болмағандықтан, адам саны көбейіп, біз бақылауға ала алмағанымыздың кесірінен үлкен кешірім сұраймыз. Көптеген кісілердің жүректері қысылып, ауа жетпей қалғанын көрдік. Келесіде барлығы есте болады. – деді кәсіпкер.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

1 × четыре =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар