Онда мұғалімдердің атышулы Амилаймен билеп жүргені байқалады, деп хабарлайды Азаттық-Ньюс Ақпараттық агенттігі.
Видео pravdabaykonura инстаграм парақшасында жарияланған. Онда жынысын өзгерткен жартылай жалаңаш адамдардың билеп жүргені көрінеді. Және видео авторы Амилаймен бірге спирттік сусынды соғыстырып жатады.
Айта кетейік, бұған дейін Қармақшы ауданына қарасты №250 мектепте ағылшын тілі пәнінен сабақ беретін екі мұғалімнің Түркиядағы демалысы дауға айналған. Олардың трансвеститтердің клубында көңіл көтергені ата-аналардың ашуын тудырып еді. Кейін екі педогог өз еріктерімен жұмыстан шыққан болатын.