46 кенші қаза тапқан “Костенко” шахтасындағы апатқа байланысты 9 лауазымды тұлға күдікке ілінді

Бас прокуратураның телеграм арнасында бұдан бөлек былтыр қоғам назарын аударған бірқатар оқиғалардың мән-жайы жарияланды, деп хабарлайды “Аазаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі.

Жауапты ведомствоның мәліметінше шахтадағы жарылысқа қатысты күдікті тұлғалар қамауға алынған.

image

 Айта кетейік, қазіргі “Qarmet-ке” қарасты Костенко шахтасында былтыр қазан айында жарылыс болған еді. Сол сәтте шахтада 252 кенші болған. Апат кезінде азаматтардың көбі сыртқа шығып үлгеріп, төменде қалып қойған 46 кенші қаза тапқан болатын.

Бұдан бөлек резонанс тудырған бірнеше іс қазір тергеліп жатыр дейді бас прокуратура өкілдері. Мәселен Қарағанды қаласындағы арнайы мекемеде тәрбиеленетін 14 мүгедек баланың улануы мен Алматыда 13 адамның өмірін қиған жатақханадағы өртке байланысты істер әлі сотқа жетпеген.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

16 + 2 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар