Арыстанбек Мұхамедиұлы мемлекетке тиесілі мектепті меншіктеп алмақ болған

wgHUWt3Ci246 1

Одан бөлек экс-министр қонақ үй мен саяжайды рейдерлік жолмен тартып алғысы келгені әшкереленді, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің өкілдері бұрын мәдениет және спорт министрі болған Арыстанбек Мұхамедиұлының қылмыстарына байланысты тың деректерді жариялады.

Бюджет қаражатынан 221 миллион теңге жымқыру эпизоды бойынша Арыстанбек Мұхамедиұлына сот үкім шығарған. Бұдан бөлек істе бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлау және жоғары спорт шеберлігі мектебін заңсыз жекешелендіру бойынша қосымша эпизодтар бар. Келесі эпизод – “Дипломат” қонақ үйін рейдерлік басып алу және пара беруге әрекет жасау. Бұл істер бойынша материалдар қазір соттың қарауында”, – дейді АРМАН, ТІЛЕУКЕНОВ, СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ АГЕНТТІГІНІҢ ӨКІЛІ 

Естеріңізге салайық, экс-шенеунік 2023 жылдың 20-шы маусымында  “Алтын адам” көрмесін ұйымдастыруға байланысты мемлекет қазынасын қалтасына басқаны үшін 8 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

пятнадцать − четырнадцать =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар