Қызметкерлердің салғыртығынан баланың жамбасы және екі санын қатты күйік шалған, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.
Ең сорақысы, бүлдіршінге массаж жасаған орталықтың кәсіби лицензиясы да болмай шығыпты. Сөйте тұра, 1 жасар балаға ем қолданған. Алайда өз ісіне салғырт ақ халаттылар “парафиндік” ем-шараны дұрыс жасамай, айналасы 10 минуттың ішінде бүлдіршіннің денесі күйіп қалған. Орталық қызметкерлерінің кінәсі сот арқылы дәлелденген.
“Сот үкімімен сотталушы Б. онша қатаң емес жазаны неғұрлым қатаң жазаға сiңiру арқылы түпкілікті медициналық қызметпен айналысу құқығынан 3 жыл мерзімге айыра отырып, 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Сотталушы Е.медициналық қызметпен айналысу құқығынан 2 жыл мерзімге айыра отырып, 100 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалды”, – деп хабарлады №2 қалалық соттың баспасөз қызметіндегілер.