Сырдарияға құйылатын 1 млд теңге.

құйылатын 1 млд теңге.

Мамандардың Сырдария өзені бойынша болжамы көңіл көншітпейді. Қызылорда облысында жұмыс сапарымен болған Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитетінің төрағасы Нұрлан Алдамжаров  аймақ басшысымен кездесті. Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова өткізген арнайы жиында су тапшылығын болдырмау үшін минстрлік пен әкімдік қажетті қадамдар жасап, жол картасын қабылдау керектігін жеткізді.

Біз өз тарапымыздан бюджеттің мүмкіндігіне қарай қаржы қарастырудамыз. Ағымдағы жылы облыстық бюджеттен 20 каналды тазалау мен елді мекендерге 23 насос қондырғысын алып беруге 1 млрд.теңге бөлінді. Қашыртқы суды қайталама пайдалану үшін Қазсушар мекемесіне 67 насос қондырғысын алып беруге қаржы бөлінуі шұғыл шешілуі тиіс. Жалпы, су тапшылығының алдын алу үшін Жол картада қаралған жобалардың іске асыруға Министрлік көмек береді деп сенеміз – деді Гүлшара Әбдіқалықова.

Былтырғы жылы Қызылорда облысының Арал ауданында су тапшылығы қатты сезілген болатын. Ауданда жауын-шашынның аз болуына байланысты қуаншылық орын алып, 600 ірі мал өлімі тіркелген болатын. Қырылған малдың басым көпшілігі жылқы малы. Арал әкімі Серік Сермағанбетов мырза аудандағы Ақшатау, Қамыстыбас көлдер жүйесін ретке келтіру жайын сөз еткен болатын. Шөп шығымына байланысты Аралдағы ауылдық округтер “қызыл, сары, жасыл” аймақ болып үшке бөлінген болатын.  Сол себепті төрт түлік мал бағып, күндерін күнелтіп отырған ауыл тұрғындары үшін Сырдария арналарының суға толуы өзекті мәселе болып тұр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

3 + шесть =

АЙДАРЛАР