Қызылорда облысының Полиция департаментінде Департамент бастығының орынбасарлары полиция полковнигі Абдраманов Ермахан Әділханұлының және полиция полковнигі Әлтай Нұрсұлтан Ерланұлының төрағалығымен Жедел кеңес өтті

Azattyq-news
1 Min Read

Кеңес барысында отбасылық — тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар сараланып, алдағы кезеңге арналған профилактикалық іс-шаралар пысықталды. Сонымен қатар осы бағыттағы қылмыстық істердің тергелу барысы қаралып, олардың сапалы әрі уақтылы аяқталуына қатысты тиісті міндеттер айқындалды.

Жиында отбасындағы жанжалдардың ушығуына жол бермеу, профилактикалық есепте тұрған тұлғалармен жеке жұмыстар жүргізу, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа бейім азаматтардың мінез-құлқын бақылауда ұстау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кеңес қорытындысы бойынша жауапты қызметкерлерге профилактикалық жұмыстарды жүйелі түрде жүргізу, азаматтардың өтініштеріне дер кезінде ден қою және отбасы-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған шаралардың тиімділігін арттыру жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Бұл мақаламен бөлісу
Пікір қалдыру