Сырдария ауданы полиция бөлімінде саптық жиын өткізілді

Azattyq-news
2 Min Read


Сырдария ауданы полиция бөлімінде жеке құрам қызметкерлерінің қатысуымен кезекті саптық жиын өткізілді. Аталған іс-шара полиция қызметкерлерінің қызметтік тәртібін нығайтуға, кәсіби даярлығы мен жауапкершілігін арттыруға, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы міндеттерді нақтылауға арналды.
Саптық жиын барысында полиция қызметкерлерінің сыртқы келбеті, белгіленген нысанды киім үлгісін талапқа сай киюі, қызметтік тәртіпті сақтауы және қызметтік куәліктерінің болуы мұқият тексерілді. Қызметтік тәртіп пен әдеп нормаларын сақтау – ішкі істер органдары қызметкерлеріне қойылатын негізгі талаптардың бірі екендігі атап өтілді.
Жиын кезінде жеке құрамға қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында нақты міндеттер жүктелді. Атап айтқанда, құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарын күшейту, көшелер мен қоғамдық орындардағы қауіпсіздікті сақтау, азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелеріне ерекше назар аудару тапсырылды.
Сонымен қатар, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қызметкерлерге жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылауды күшейту және жол қозғалысына қатысушылар арасында түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу міндеттелді.
Азаматтардың өтініштері мен хабарламаларына жедел әрі сапалы әрекет ету мәселесі де жиын барысында басты назарға алынды. Полиция қызметкерлеріне тұрғындармен сыпайы қарым-қатынас орнату, олардың мәселелерін заң аясында уақтылы шешу және халықпен тығыз байланыста жұмыс жүргізу қажеттігі ескертілді.
Сырдария ауданы полиция бөлімі қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бағытындағы жұмыстарды тұрақты түрде жалғастыра бермек. Қызметтік тәртіп пен кәсібилік – полиция қызметінің басты қағидаттарының бірі болып қала береді.

Бұл мақаламен бөлісу
Пікір қалдыру