Қызылорда облысында күннің аптап ыстығына қарамастан, полиция қызметкерлері өздеріне жүктелген жауапты міндетті жоғары деңгейде атқарып, қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жұмыстарын тәулік бойы үздіксіз жүргізіп келеді. Ел тыныштығын күзету – тәртіп сақшыларының басты міндеті, ал ауа райының қолайсыздығы олардың қызметіне еш кедергі келтірмейді.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері өңір тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық тәртіпті сақтау бағытында күндіз-түні қызмет атқаруда. Тәртіп сақшылары тәулік бойы кезекшілікке шығып, азаматтардың тыныштығын күзетіп, кез келген төтенше жағдайға жедел әрекет етуде.
Аптап ыстыққа қарамастан, полиция қызметкерлері халықтың қауіпсіздігін бірінші орынға қойып, өздерінің кәсіби борышына адалдығын тағы бір мәрте дәлелдеуде. Олар қоғамдық орындарда құқықтық тәртіпті сақтап қана қоймай, тұрғындармен профилактикалық жұмыстар жүргізіп, құқық бұзушылықтың алдын алуға ерекше көңіл бөлуде.
Сонымен қатар, жаз мезгілінде көлік қозғалысы қарқын алатын республикалық және облыстық маңызы бар автожолдарда жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары күшейтілген. Жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері жол бойындағы қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылап, қосымша профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыруда.
Атап айтқанда, жолдарға үй жануарларының шығып кетуіне жол бермеу бағытында түсіндіру және ескерту жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстар жол-көлік оқиғаларының санын азайтып, жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Тәртіп сақшылары мал иелеріне заңнама талаптарын түсіндіріп, жол бойындағы қауіпсіздік шараларын сақтаудың маңыздылығын жеткізуде.
Қызылорда облысы Полиция департаменті өңірдегі қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы кешенді жұмыстарды тұрақты негізде жалғастыруда. Қандай жағдай болмасын, халықтың тыныштығы мен қауіпсіздігін сақтау – полиция қызметінің басты қағидаты болып қала береді.
Антына адал тәртіп сақшылары аптап ыстықта да, күн мен түн демей, ел игілігі жолында абыройлы қызмет атқарып, қоғамның қауіпсіз әрі тыныш өмір сүруіне өз үлестерін қосуда.
Бұл мақаламен бөлісу
Пікір қалдыру
Пікір қалдыру
