ЗАРИНА – АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ, АЛТЫН ЖҮЛДЕ ИЕГЕРІ!

Azattyq-news
1 Min Read

Индонезияның астанасы Джакарта қаласында өтіп жатқан бокстан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына алтын медаль түсті.
19 жасқа дейінгі қыздар арасындағы финалда №18 Қазалы ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің түлегі Зарина Толыбай Үндістанның былғары қолғап шебері Пречи Токаспен қолғап түйістіріп, тартысқа толы жекпе-жекте 3:2 есебімен жеңіске жетті.
Жеңімпазымызды жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы халықаралық жарыстарда да көк Туымызды биікте желбіретіп, толағай табыстарға жете беруіне тілектеспіз!
Құттықтаймыз, Зарина! Жеңісің құтты болсын! 🇰🇿🥊

Бұл мақаламен бөлісу
Пікір қалдыру