«Сырдария – қауіпсіз аудан, болашақ ұрпақ мекені» жобасы аясында аудан тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамда заң талаптарын қатаң сақтау мәдениетін қалыптастыру мақсатында қоғамдық кеңес мүшелерімен құқықтық түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері жан-жақты талқыланып, «Заң мен тәртіп» қағидатын қоғамда орнықтырудың маңыздылығына ерекше назар аударылды. Сондай-ақ, құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру – қауіпсіз әрі тұрақты қоғам құрудың басты шарттарының бірі екені атап өтілді.
Кездесу барысында қоғамдық кеңес мүшелеріне қоғамдық тәртіпті сақтау, тұрғындар арасында құқықтық мәдениетті арттыру, құқық бұзушылықтың кез келген түрінің алдын алу және азаматтардың заң талаптарын сақтау жауапкершілігі жөнінде кеңінен түсіндірілді. Қоғамдағы ұсақ құқық бұзушылықтарға бейжай қарамау, олардың алдын алу бағытындағы бірлескен жұмыстарды күшейту қажеттілігі де сөз болды.
Сонымен қатар, қоғамдық кеңестің қоғам мен мемлекеттік органдар арасындағы өзара байланысты нығайтудағы рөлі ерекше екені айтылды. Қоғамдық бақылау мен азаматтық белсенділікті арттыру арқылы құқық бұзушылықтың алдын алуға және қауіпсіз қоғамдық орта қалыптастыруға елеулі үлес қосуға болатыны атап өтілді.
Іс-шара аясында құқықтық түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, қоғамдық орындардағы тәртіпті сақтау, заң талаптарын орындаудың маңыздылығы жөнінде жан-жақты ақпарат берілді. Сондай-ақ, құқық бұзушылықтың алдын алуда мемлекеттік органдар мен қоғам өкілдерінің өзара іс-қимылын күшейту мәселелері талқыланды.
Бүгінде құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қағидаты – қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды тетіктерінің бірі. Әрбір азаматтың заң талаптарын құрметтеуі мен қоғамдық тәртіпті сақтауға деген жауапкершілігі қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптастыруға тікелей әсер етеді.
«Сырдария – қауіпсіз аудан, болашақ ұрпақ мекені» жобасы аясындағы мұндай профилактикалық және түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да өз жалғасын тауып, аудан тұрғындарының құқықтық мәдениетін арттыруға және қауіпсіз қоғам қалыптастыруға бағытталатын болады.
Бұл мақаламен бөлісу
Пікір қалдыру
Пікір қалдыру
