Ішкі істер министрлігі айқындаған басым бағыттар бойынша жұмыс күшейтіледі

Azattyq-news
2 Min Read

Қызылорда облысы Полиция департаментінде 2026 жылдың алғашқы алты айында тергеу, анықтау және жедел-криминалистикалық құрылымдардың атқарған қызметінің қорытындылары шығарылып, жедел кеңес өткізілді.

Жиынға Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Әлтай Нұрсұлтан Ерланұлы төрағалық етті. Кеңеске Департаментке қарасты қала және аудандық полиция бөліністерінің басшылары, сондай-ақ тергеу, анықтау және жедел-криминалистикалық қызметтердің жеке құрамы қатысты.

Кеңес барысында есепті кезеңде атқарылған жұмыстар жан-жақты сараланып, қылмыстық істерді тергеу сапасын арттыру, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету, сондай-ақ құқық қорғау қызметінің тиімділігін арттыру бағытындағы өзекті мәселелер кеңінен талқыланды.

Атап айтқанда, қылмыстық құқық бұзушылықтар салдарынан жәбірленушілерге келтірілген материалдық шығынды өтеу бойынша қабылданып жатқан шаралардың нәтижелілігіне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз ету, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығы мен сапасын арттыру мәселелері егжей-тегжейлі қаралды.

Жедел кеңесте Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 200-бабы талаптарын сапалы орындаудың маңыздылығы атап өтілді. Осыған сәйкес қылмыстық құқық бұзушылықтардың жасалуына себеп болған мән-жайлар мен оларға ықпал еткен жағдайларды анықтап, оларды жою жөніндегі ұсыныстарды уақтылы енгізу қажеттігі айтылды. Бұл бағыттағы жұмыстардың алдын алу шараларын күшейтіп, құқық бұзушылықтардың қайталануына жол бермеудегі рөлі ерекше екені көрсетілді.

Сондай-ақ кеңес барысында тергеу мерзімдерін сақтау, дәлелдемелерді толық әрі объективті жинақтау, қылмыстық процестің барлық қатысушыларының құқықтарын қорғау, ведомствоаралық өзара іс-қимылды жетілдіру және қызметкерлердің кәсіби жауапкершілігін арттыру мәселелері талқыланды.

Жиын қорытындысы бойынша қала және аудандық полиция бөліністерінің басшыларына нақты тапсырмалар жүктеліп, анықталған кемшіліктерді жою бойынша бірқатар міндеттер белгіленді. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі айқындаған басым бағыттар аясында тергеу, анықтау және жедел-криминалистикалық қызметтердің жұмыс тиімділігін одан әрі арттыру, заңдылықты қатаң сақтау және халықтың полицияға деген сенімін нығайту бағытындағы жұмыстарды күшейту

Бұл мақаламен бөлісу
Пікір қалдыру