Қала көшелерінде қауіпсіздік шаралары күшейтілді.

Azattyq-news
1 Min Read

Қала әкімі тапсырмасына сәйкес түнгі рейдтік шаралар тұрақты түрде ұйымдастырылуда. Осыған орай, қала әкімінің орынбасарлары Дархан Тұрсынбаев пен Арнұр Нұрмағанбетов, қалалық полиция басқармасының қызметкерлері және жауапты сала жетекшілері бірлесіп, қала аумағында кешкі және түнгі уақытта бақылау жұмыстарын жүргізуде.
Рейд барысында қоғамдық орындар, ойын-сауық мекемелері, көшелер мен халық көп шоғырланатын аумақтар толықтай бақылауға алынды. Әсіресе, кәмелетке толмаған жасөспірімдердің түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз жүру фактілерін анықтау, қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылуда.
Сонымен қатар, мектеп бітіруші түлектердің қатысуымен рұқсат етілмеген мерекелік басқосулардың, түнгі серуендердің және түрлі келеңсіз жағдайлардың алдын алу мақсатында профилактикалық және түсіндіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жауапты мамандар мен құқық қорғау органдары тарапынан жастарға қауіпсіздік талаптарын сақтау, заң талаптарына бағыну және қоғамдық тәртіпті бұзбау жөнінде түсіндірмелер берілуде.
Мұндай шаралардың негізгі мақсаты – қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу және жастар арасында тәртіп пен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру.

Бұл мақаламен бөлісу
Пікір қалдыру