2026 жылғы 14 мамыр күні «Сырдария – қауіпсіз аудан» жол картасы аясында Шіркейлі ауылдық округінде орналасқан №129 орта мектебінің оқушыларымен тағылымы мол кездесу өтті.
Аталған жиынға аудандық білім бөлімі мен полиция бөлімінің өкілдері қатысып, мектеп оқушыларымен және сынып жетекшілерімен еркін форматта пікір алмасты.

Кездесу барысында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері жан-жақты түсіндірілді. Атап айтқанда, топтық төбелес, буллинг, ұрлық, сталкинг, вандализм секілді келеңсіз әрекеттердің салдарына тоқталып, түнгі уақытта заңды өкілсіз жүрудің жауапкершілігі айтылды.
Сонымен қатар білім беру ұйымдарындағы тәртіптің сақталуы, салалық бұйрықтардың орындалуы және мектепішілік бақылауды күшейту мәселелері көтерілді.
Қоғамдық қауіпсіздік бағытында кәмелетке толмағандардың көлік құралдарын басқаруы, профилактикалық есепке қою тәртібі және бейнебақылау камералары арқылы құқық бұзушылықтарды анықтау жұмыстары туралы түсіндірілді.
Кездесу барысында оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, өзекті мәселелер талқыланды.
Мұндай кездесулер жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттырып, заңға құрмет пен тәртіпке бағыну мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.
