Оқушылармен құқықтық түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Azattyq-news
2 Min Read

Қазіргі таңда қоғам алдында тұрған ең өзекті мәселелердің бірі – жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасында қылмыстың өсуіне жол бермеу және олардың құқықтық сауаттылығын арттыру болып табылады. Өскелең ұрпақтың саналы, білімді, тәрбиелі болып қалыптасуы – мемлекеттің болашағы үшін аса маңызды. Сондықтан жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру, оларды заң талаптарын құрметтеуге тәрбиелеу, зиянды әдеттерден аулақ болуға бағыттау – барша қоғамның ортақ міндеті.
Осы мақсатта Сырдария ауданы, Бесарық ауылы №147 мектеп оқушыларымен арнайы кездесу ұйымдастырылып, құқықтық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында кәмелетке толмағандар арасында кездесетін құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу мәселелері жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, жасөспірімдер арасында нашақорлықтың зияны, оның денсаулыққа және болашақ өмірге тигізер кері әсері туралы кеңінен айтылды.
Кездесу барысында соңғы уақытта жиі орын алып жүрген топтық төбелес, буллинг, әлімжеттік көрсету секілді келеңсіз әрекеттердің қоғамға және жеке тұлғаға тигізетін зардаптары түсіндірілді. Мұндай әрекеттердің заң алдында жауапкершілікке әкелетіні ескертіліп, оқушыларды бір-біріне құрметпен қарап, татулық пен достықты нығайтуға шақырды.
Сонымен қатар, оқушыларға құқықтық мәдениетті қалыптастыру, қоғамдық орындардағы тәртіп ережелерін сақтау, әлеуметтік желілерді дұрыс пайдалану, қауіпсіздік талаптарын орындау жөнінде де маңызды ақпараттар берілді. Жастарға өз құқықтары мен міндеттерін білу, заңды құрметтеу және кез келген теріс әрекеттен бойын аулақ ұстау қажеттігі түсіндірілді.
Осындай профилактикалық шаралар жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алып қана қоймай, олардың саналы азамат болып қалыптасуына, қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінуіне және жарқын болашаққа нық қадам басуына оң ықпал етеді.

Бұл мақаламен бөлісу
Пікір қалдыру