Қызылорда қаласында әлеуметтік-экономикалық өсім байқалады. Қала әкімі Нұржан Ахатов мәліметінше, инвестиция көлемі 369,4 млрд теңгеге жетіп, 118,5% өсім көрсеткен.
Құрылыс жұмыстары 182,2 млрд теңгені құрап, ауыл шаруашылығы өнімі 17 млрд теңгеден асты. Бөлшек сауда айналымы 499,7 млрд теңгеге жеткен.
Тұрғын үй бағытында өткен жылы 1 890 отбасы баспаналы болды. Биыл бұл мақсатқа 39,4 млрд теңге бөлінді.
Жол инфрақұрылымына 30 млрд теңге жұмсалып, 79 көшеде жөндеу жүргізілді. «Тәуелсіздікке 25 жыл» даңғылы толық жаңартылды.
Жобалар қала тұрғындарының өмір сапасын арттыруға бағытталған.
Бұл мақаламен бөлісу
Пікір қалдыру
Пікір қалдыру
